Шаршы метр | Құрылыс бастар алдында нені ескеру керек

Құрылысты бастамас бұрын барлық құжаттарды жинап, рұқсат алып алу керек. Өйткені ешбір құжатсыз ғимарат тұрғызсаңыз, қиындықтар туындауы мүмкін. Яғни егер нысан жалпы нормаларға сәйкес келмейтін болса, айыппұл салынады, тіпті кейбір жағдайда ғимарат сүрілуі мүмкін. Сондықтан үй немесе кез-келген нысанды ойдағыдай тұрғызып, опық жемеу үшін атқарылатын іс-шаралармен танысып алған жөн.