Олимп | Стритбол

Көше баскетболына қалай қарайсыз? Бұған дейін бұл ойынды қаланың кедей аудандарында әлгі ерігіп-зерігіп жүрген балалар ғана ойнайтын. Тіпті, оны спорт түрі деп те танымады біраз уақыт. Бірақ, бүгінгі таңда, яғни, араға ондаған жыл салып стритбол әлемде ең кеңінен тараған кәсіпқой бұқаралық спорттық сайысқа айналып отыр. Ол қазір азия және олимпиада ойындарының бғдарламасында бар. Ресми жарыстар жиі өткізіліп тұрады және әр елдің үкіметі бөлек қаржыландыратын деңгейге жетті.