Шетелдік БАҚ: шолу және талдау І Берлин Сенаты пәтерді жалға алу құнын сынға алды
Берлин Сенаты қаладағы пәтерді жалға алу құнын сынға алып, бағаны өсірмеуге бекініп отыр. Дейтче велленің жазуынша, әр шаршы метрдің құны 8 еуродан аспауы тиіс. Герман социал-демократтар партиясы, солшылдар мен жасылдар жетекшілік ететін Берлин Сенаты 2020 жылдан бастап, ел астанасындағы пәтер жалдау бағасын бес жыл бойы өсірмеуді талап етіп отыр.