Шетелдік БАҚ: шолу және талдау І Суицидке қарсы күрес

Әлемде әрбір 40 секунд сайын бір адам өзіне қол жұмсайды екен. СNA басылымының жазуынша, дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының баяндамасында осындай деректер келтіріліпті. 10 қыркүйек - суицидке қарсы күрес күні. Ұйым жасаған баяндамада қайғылы оқиғалардың алдын алудың тиімді тәсілдері әрбір мемлекеттің ұлттық жоспарына енгізілуі керектігі айтылады.