Ерекше көзқарас | Пандемия: орынсыз шығынға жол жоқ!
Коронавирусқа шалдыққандар – қажетті дәрілерді таба алмай, жақындарынан айырылып жатса, енді біреулері үшін пандемия отандастарының есебінен баю көзіне айналды.
Төтенше жағдай кезінде Қазақстанға келген гуманитарлық көмектің дәріханаларда сатылуы, дәрі-дәрмектердің қолдан жасалған тапшылығы мен олардың біршама жоғары бағамен саудалануы туралы әлеуметтік желіде желдей тараған ақпарат қаншалықты рас? Ел тұрғындары дәрі-дәрмек таба алмай қиналып жүргенде, жыл сайын жол жөндеуге қыруар ақша кетеді, мақсатсыз жұмсалады. Ал жолымыздың сапасы сын көтере ме? Осы мәселелерді бүгін назарға алуды жөн көрдік.