Халықтық экономика І Алимент төлемдерін қалай міндетті етуге болады?

Жалақасы бір миллион теңгеден асатын Қазақстан азаматы алименттік төлемін уақытылы жасамаса қарызға белшесінен батады. Заң бойынша міндетті саналатын төлемді азамат үш жыл көлемінде төлемеген делік. Ақыр соңында осы уақытқа дейін үш балаға төленуі тиіс болған алимент құны 22 миллион теңгені құрайды. «Халықтық экономика» бағдарламасында қамсыз әкелерге алиментті қалай төлетуге болатынын, қайда бару керектігін және өз бетіңізбен заңды қаражатты ала алмасаңыз не істеу керектігін айтамыз.