Шоколадты көп жесе не болады? І Тұтынушы таңдауы

Көптеген адамдар әлі күнге дейін жарнамаға сенеді, тіпті өздерінің қалайша иланып қалғанын, бейсеналы түрде жарнамаланған өнімге басымдық бергенін аңғармай қалып жатады. Әсіресе мынадай шоколадты батондар. Олар үздіксіз, жыл он екі ай жұрттың назарында. Өндірушілер жарнаманың күшін жақсы түсініп алды. Сондықтан қыруар қаржы төлеп, насихат жұмыстарын жүйелі жүргізіп, сіз бен біздің санамызды улап тастады. Ал ол шын мәнінде пайдалы ма? Аталмыш тіскебасардың адам денсаулығын жақсартуға қосар үлесі бар ма? Армысыздар, эфирде «Тұтынушы таңдауы» бағдарламасы. Хабарымыздың бүгінгі санында шоколадты батондардың пайдасы мен зиянын саралайтын боламыз.