Әскери көлік жүргізуші қызметі І Әскер KZ

Әскери жүргізуші деген кім? Соңғы уақытта оларға неге көп көңіл бөліне бастады? Анығында – әскери жүргізушілерді әмбебап маман деуге болады. Өйткені, олар брондалған көліктерді де, ауыр танктерді де басқара алады. Бұзылып қалса, соларды қайта жөндеп, қалыпқа келтіреді. Сол себепті бұл мамандарға көпшілігі құрметпен қарайды. Бірақ әскери жүргізуші болу – оңай емес. Көлік тізгіндегеннің барлығы сүзгіден өте бермейді. Сонда оларды қалай іріктейді? Мұны бүгінгі бағдарламада айтып береміз.