Коллекторлардың қандай құқықтары бар І Халықтық экономика

Коллекторлардың қандай құқықтары бар және жауапкершіліктен жалтарғандармен қалай күресеміз?

Қазақстанда алғаш рет коллекторлардың кәсіби этикалық типтік кодексі жасалды. Енді кәсіби тұрғыда қарыздарды жинаумен айналысатын мамандар көпшілікті үркітпей, олардың қаржылық мәселесін шешуге атсалысуы қажет. Әрі этикалық нормаларды сақтауы шарт. Десе де, біздің елімізде коллекторға қатысты түсінік қарыздарды күштеп өндіріп алушы ретінде қалыптасқан. Бүгін біз сіздерге коллектор хабарласса не істеу керегін, қарыз болғандар мен коллекторлық компания құқықтары турасында айтамыз.