Грант саны жыл сайын артып отырады І Fact va Fake

Жаз біреулер үшін демалыс маусымы болса, мектеп бітірушілер үшін үш ай тұтас өмірін айқындайтын кезең болып табылады. Емтихан тапсырып болған түлектер қай оқу орнына түсемін, қандай мамандық таңдаймын деген сұрақтардың алдында тұрады. Қай мамандықтар бойынша тегін білім алудың мүмкіндігі көп, таңдауда қателессең не істеу керек, тегін білім алмақтың қандай салмағы бар? Бүгінгі бағдарламамызда болашақ студенттер мен олардың ата аналары үшін пайдалы ақпарат бар.