Антиваксерлердің көздегені не? | Fact vs Fake

Коронавирус ауру емес, әлем алпауыттарының астыртын сөз байласуы. Вирусты жер жахандағы халықтың санын реттеу үшін арнайы ойлап тапты. Сапалы вакцина жасау үшін кемінде бес жыл керек. Әлемдік пандемиямен қатар өрбіген алып-қашпа сөздің кейбірін өмірдің өзі күнтәртіптен алып тастаса, вакциналау кампаниясының басталуымен жаңа конспиралогиялық күдіктер пайда болды. Екпе ем болмайды, керісінше екен. Вакциналау мен карантиндік талаптар адам құқықтарын шектейді мыс. Осы әңгімелердің қайсысы факт, қайсысы фейк?