Хабаршыларды қорғау институты | Antikor.KZ

Қолында билігі бар азаматтардың жалған ісін жұрт біле тұра неге үндемейді? Маңайындағының маңдай тері мен табан ақысын қалтасына басқандар ұжымда қалай ұялмай жүреді?

Қазақстанда «хабаршының» құқығын қорғайтын институт құру ұсынылды. Егер мемлекеттік қызмет саласында жемқорлық дерегі жайында ақпарат берген адамның жеке мәліметтері қорғалып, жұмысынан қудалау болмаса, қарапайым қызметкерден келетін ақпарат көбейер еді.

Тұрғындар жемқор туралы ақпарат беруден неге сескенеді. Осындай мәлімет үшін миллиондар ұсынылса да азаматтар арасында белсенділік төмен.

Хабаршыларды қорғау институтын құру туралы ұсыныс Республикалық деңгейде бірнеше рет көтерілгенімен, мемлекеттік органдар тарапынан неге қолдау таппады? 

«Хабаршы». Немесе қазір Қазақстанда жемқордың ісін әшкерелеген адамды шыншыл азамат деп те айтып жүр. Бұлай деуі түсінікті. Өйткені ондайлар жемқорлыққа жаны қарсы және үнемі жүзі қараларды шеттетіп жүреді. Бұл әрекеті үшін өзі де қысым көреді және өз басын өзі ғана арашалап шығады.