Үй сатуда алаяқтардан қалай сақтанған дұрыс? | ДомоФон

Үй сату оңай шаруа деп ойлаймыз. Анығында олай емес. Бізде баспаналы болу да, оны басқа адамға сату да – күрделі. Әрі тәуекелге баруға тура келеді. Өйткені жылжымайтын мүлік – алаяқтар үшін таптырмас олжа. Олар әбден әккіленіп алған. Көп жағдайда айласына құрық бойлатпайды. Тіпті кейбір жағдайда әлгі адамның шырмауына түсіп қалғаныңды сотта дәлелдей алмай, баспанадан да, қаржыдан да қағыласың. Мұндай жайттар елімізде жиі болмайды, бірақ тап сондай қиындыққа кезіккен тұрғындар бар.  Солардың қателігін қайталамау үшін қайтпек керек? Олар сонда адамдарды қалай алдайды? «ДомоФон» бағдарламасының бүгінгі санында осы жөнінде айтамыз.