Елдегі көкөніс қоймаларын салу бағдарламасы: нәтиже қандай болады? | Халықтық экономика

Азық-түлік бағасы күн санап өсіп жатыр. Естеріңізде болар, бұрын дүкенге жол түссе 10 000 теңгеге қоржыныңызды толтырып қайтатын едік. Ал қазір бұл ақшаның өзі бір айлық азық-түлік түгілі, бір аптаға жетсе қуанамыз. Тұрғындар, әсіресе ет, сүт өнімідері мен көкөністің де бағасы шарықтап кеткенін айтып жүр. Осы ретте Президент үкіметке баға белгілерін көтеруді тоқтатуды тапсырды. Мұның өзекті екені және оның табысты орындалуын жүздеген мың қазақстандық күтіп отырғаны сөзсіз. Азық-түлік бағасы қашан төмендейді? Оның қымбат болып, бағасының мың құбылуына не себеп? Бүгін осы жөнінде айтамыз.

Спикерлер: Жаухазын Өмірбекова, ҚР АШМ өсімдік шаруашылығын дамыту стратегиясы басқармасының бас сарапшысы; Динара Шәріпова, қазақ жеміс-көкөніс шаруашылығы ҒЗИ жетекші ғылыми қызметкері.