Паркингтегі орындар неге қымбат? | ДомоФОН

Судай сапырылысқан көліктер. Елде темір тұлпар тізгіндеп жатқан адамдардың қарасы күн өткен сайын көбейіп барады. Бас шаһар болған соң, мұнда да мыңдап артып жатыр. Бұрын көлік кептелісі көп бола қоймайтын. Қазір тығындалып қалады. Көше ғана емес, тұрғын үйлердің ауласы да машиналарға лық толы. Кейде қай жаққа қаңтарамын деп, абдырап қаласың. Орын таппай ауланы бірнеше рет айналып, ақыры амалың құрыған соң рұқсат етілмеген жерге қалдырып кетесің. Мұндай жайт көп адамның басынан өтті. Сондықтан шама келсе, жер асты көлік тұрағынан орын алуға тырысады. Енді бірі жалдайды. Паркингтен орын таңдайтын кезде не нәрсеге мән беру керек? Қазір оның орташа құны қандай? Бүгін осы жайында айтамыз.