Олимпиада алауы қайтадан Бейжіңге оралды | Олимп

Араға 13 жыл салып Олимпиада алауы қайтадан Бейжіңге оралды. Иә, Қытай астанасы жазғы және қысқы ойындарды қабылдаған әлемдегі алғашқы қала атанбақ. Жергілікті билік бұл шараға тыңғылықты дайындалып жатыр. Қазірдің өзінде спорттық кешендер толықтай салынып, қолданысқа беріліп үлгерді. Санитарлық талаптар күшейтілді. Қаланың экологиясы жақсартылды. Тіпті Олимпиадалық инфрақұрылымдар тек жасыл энергиямен қамтамасыз етіледі деп уәде берді.

Инфрақұрылым демекші, 2008 жылғы жазғы ойындарға салынған кешендер енді қысқы ойындарда да пайдаланылмақ. Осы мақсатта ұйымдастырушы тарап құрылыс саласында жаңа технология ойлап тауып, оны ойдағыдай жүзеге асырған. Міне, көрші ел осы және өзге де ерекшеліктерімен адамзат тарихында болмаған спорттық мереке жасаймыз деп отыр.