Таза ауа үшін Қазақстанда қалай күреседі | Өнеркәсіп

Көмірсутегі бейтараптығы - қазіргі сөздіктегі жаңа термин. 2015 жылы Нью-Йорктегі БҰҰ штаб-пәтерінде өткен саммитте бірқатар елдердің өкілдері Климат жөніндегі Париж келісіміне қол қойды. Бұл келісімге Қазақстан да қосылды. Аталған құжатқа сәйкес, өнеркәсіптік кәсіпорындар үшін жаңа ережелер енгізіледі.

Бірақ жаңа жұмыс ережелеріне көшу - уақыт талабы. Қазақстанда бұл үшін тіпті заңға өзгеріс енгізді. Жаңа редакцияда «ластаушы төлейді және ластаушы түзетеді» қағидаттары енгізілді. Бұрын кәсіпорындар айыппұл төлеп, жұмысын жалғастыра беретін. Экология мәселесіне бас қатырмайтын. Енді олар келтірілген шығынның орнын толтыруға міндетті. Бүгінгі бағдарламада таза ауа үшін Қазақстанда қалай күреседі және экологияны қалай сақтайтыны туралы айтамыз. Сонымен қатар бұл жұмыстың отандық өнеркәсіпке қаншалықты қымбатқа түсетінін есептеп көрейік.