Елдегі жанар-жағармай мәселесі | Fact vs Fake

Қазақстан үшін аса нәзік, сезімтал келетін тақырыптардың бірі – жанармай бағасы. Кейбіреулер мұнайлы елде бензин бағасы судан арзан болуы тиіс десе, есеп білетіндер бағаны нарық реттеуі тиіс дейді. Бірақ барлығын біріктіретін ортақ мүдде – жанармай нарығының тұрақты болуы. Ақшаға да дизель отынын таба алмай қалған кезде көкейімізде сан сұрақ, көп күдік пайда болғаны рас. Олардың жауабын мамандардан сұрадық.