Қазақ армиясы қандай? | Әскер KZ

Қарулы Күштердің құрылғанына биыл - 30 жыл. Осы аралықта алынбас қамалға айналып үлгерді. 1991 жылы 25 қазанда Президент жарлығымен Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасы Мемлекеттік қорғаныс комитеті құрылған еді. Бірақ арада екі ай өткенде Қазақстан тәуелсіздік алып, егемен ел атанды. Шекарасы айқындалды. Дербес армиясы құрылды. Алайда бірден еңсе тіктеп кете алмады. Бастапқы кезде білікті мамандар тапшы болды. Ал қазір сол кезде сарбаз болып сапқа қосылған әскерилер - сардарға айналды. Бірнеше буынды тәрбиеледі.