Қазақстан шекарасын 8 жылдың ішінде қалай шегендеді? | Сара жол

Территориялық талас-тартыс қай заманда да мемлекет аралық қақтығыстардың негізгі себебі болды. Иран мен Ирак, Израиль мен Араб әлемі, Үндістан мен Пәкістан, Үндістан мен Қытай. Тізімді жалғай беруге болады, бірақ тарихқа тереңдемей жаңғырығы әлі басылмаған Әзірбайжан мен Армения арасында таулы Қарабақта болған қақтығысты еске алайық. Талай жылдарға созылған, талай адамның өмірін жұтқан соғыстардың себебі, шекараның бекітілмеуі.

Географияны талқылау болашақ соғысты талқылаумен тең дейді бұндайды. Тәуелсіздігін жариялай сала Қазақстан Республикасы деген жас мемлекет өзгелер сынды ғасырлар бойы бекіте алмаған шекарасын бір оқ атпай, небәрі 8 жылдың ішінде қалай шегендеді? Ардагер шекарашылар мен шекарада туып-өскен қарапайым азаматтардың естеліктері.