Кедейшіліктен қалай құтыламыз? | Өзекті

Қазақстанда кедейлер көбейіп барады. Мұны ресми статистика да растап отыр. 2019 жылы табысы күнкөріс деңгейінен төмен отандастарымыздың үлесі 4,3% болса, былтыр бұл көрсеткіш 5,3% дейін жеткен. Қазақстандықтардың табысы неліктен азайып кетті? Тұрмысын тіктей алмай жүрген жандарға мемлекет қандай көмек көрсетіп жатыр? «Өзекті» бағдарламасының бүгінгі шығарылымында осы жөнінде айтамыз.