«Болашақ» халықаралық стипендиясы | Сара жол

1991 жылы Қазақстан тәуелсіздігін жариялады. Алайда ол кезде елдің мемлекеттік шекарасы, ұлттық экономикасы тіпті қарапайым зейнетақы мен дәрігер-ұстаздарға жалақы төлейтін ақшасы болған жоқ. Кеңес үкіметінен қалған ірі кәсіпорындардың барлығы тоқтап, тоқырап тұр.

Мемлекет тізгінін ұстаған тәуелсіз елдің тұңғыш президенті мен үкіметінің алдында шешілуі тиіс, шешілмесе шиеленіске соқтыруы мүмкін қыруар шаруа тұр. Аумалы төкпелі кезеңде, Нұрсұлтан Назарбаев ел жастарын шетелде оқыту керек деген күтпеген шешім қабылдайды.