Тәуелсіздік жылдарындағы ел экономикасының өзгерісі | Халықтық экономика

Қазақстан тәуелсіздігіне ширек ғасырдан астам уақыт өтті. Бұл кезең еліміздің нарық экономикасына көшу мерзіміне сәйкес келді.

Экономика – саясаттың да, мәдениеттің де негізі. Экономика мемлекеттің, қоғамның, әрбір нақты адам мен оның отбасы өмірінің негізі. Өйткені экономикамен байланысты емес сала жоқ, қай мәселе болсын шешімі экономикаға тәуелді. Оны шешу үшін елде қуатты, осы мәселелерді шешуге қабілетті экономика құрылмаса, ең биік құндылықтар деп саналатын – еркіндік пен демократия, халық игілігі деген құбылыстың өзі бос сөзге айналады. Осы күнге жету үшін талай тар жол, тайғақ кешуден өттік. Инфляция да, жаппай жұмыссыздық та, өнеркәсіп орындарының тұралауы да, дүкен сөрелерінің тып-типыл көріністері де болды. Тарихи аса қысқа мерзім ішінде елімізде ең шұғыл экономикалық, әлеуметтік, құқықтық және саяси реформалар жүзеге асты. 

Спикерлер: Вячеслав Додонов, ҚР президенті жанындағы ҚСЗИ бас ғылыми қызметкері; Әлібек Қоңқақов, ҚР ҰЭМ макроэкономикалық талдау және болжамдау департаментінің директоры.