2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстанда қандай өзгерістер болады? | Халықтық экономика

Қазақстанда дәстүр бойынша жаңажылдың басталуы ел азаматтарының өміріне қандай да бір өзгерістер әкеледі, олар әдетте жаңа шешімдермен, ел экономикасының базалық көрсеткіштеріндегі өзгерістермен немесе отандық заңнаманың өзгерген қағидаларымен байланысты. Бүгінгі бағдарламада 2022 жылдың басынан бастап елімізде жүзеге асатын барлық жаңа енгізулер туралы айтатын боламыз.

Спикерлер: Әнел Шенеева, ҚР ЕХӘҚМ зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру басқармасының басшысы; Жазира Мыңбаева, ҚР Ұлттық экономика министрлігі департаментінің бас сарапшысы.

Қазақстандық кәсіпорындардың 92% бизнесті автоматтандыру үшін цифрлық технологияларды пайдаланады. Нұр-Сұлтан мен Алматыдағы кәсіпорындар барынша автоматтандырылған. Қазақстанда компаниялардың төрттен бір бөлігі өз жұмысында CRM-жүйелерін пайдаланады. Мұндай нәтижелерді Қазақстанның талдау компаниясының зерттеуі анықтады. Сауалнама 100 мыңнан астам халқы бар Қазақстан қалаларында жүргізілді. Зерттеу пандемия және онымен байланысты шектеулер кезінде анағұрлым айқын болған қазақстандық кәсіпорындардың цифрлық технологияларды пайдалануының негізгі трендтерін анықтады.

Спикер: Александр Рузанов, зерттеу компаниясының президенті.

«Халықтық экономика» бағдарламасының өзге шығарылымдарын мына сілтеме арқылы кіріп көре аласыздар.