Ағзаға В12 дәрумені жетіспесе не болады? | МЫҢЖЫЛҚЫлық кеңес

Бүгінгі шығарылымд В12 дәрумені жайлы сөз ететін боламыз. Бұл дәрумен әсіресе балық құрамында, етте, жұмыртқада және сүтте болады. Егер күнделікті ас мәзірінде осы өнімдер болса, бұл дәруменнің жетіспеушілігі туындамайды. Дегенмен егде жастағы адамдарда жиі кездеседі. Адамның жасы ұлғайған сайын дәруменнің жетіспеушілігі туындайтынын да еске салғым келеді. Себебі жас үлкейе келе дәрумен ағзаға нашар сіңеді. Сонымен қатар дәрумен жетіспеушілігі , асқазан-ішек жолы аурулары бар адамдар да жиі кездеседі.

«МЫҢЖЫЛҚЫлық кеңес» бағдарламасының өзге шығарылымдарын мына сілтеме арқылы кіріп көре аласыздар.