Байларға тықыр таяна ма? | Өзекті

Елде бай-бағыландарға қосымша салық салынғалы жатыр. Шалқып өмір сүретіндер енді мемлекетке көбірек ақша төлейді. Бұл мәселенің талқыға салынып таразыға тартылғанына да 10 жылдай уақыт болып қалды. Бірақ министрлік әлі күнге дейін бір тоқтамға келе алмай жүрген. Биыл ақыры бекініпті, заңмен бекітіп талас тартысқа нүкте қойып тастамақ.

Байлыққа салық салынғанды әбестік көретіндерде, ауқаттылар ақыны көбірек төлесіндер дейтіндер де көп қой. Олар министрлік нақты шешім қабылдауға дайынбыз десе де қызыл кеңірдек болып әлі жүр. Сонымен байлыққа салық салу дұрыс па? Одан не ұтамыз, салдары қандай болуы мүмкін? «Өзекті» бағдарламасының бүгінгі шығарылымында осы жөнінде айтамыз.

«Өзекті» бағдарламасының өзге шығарылымдарын мына сілтеме арқылы кіріп көре аласыздар.