Байзақ ауданының әкімі Бақыт Қазанбасов | Әкім

«Әкім» бағдарламасы Жамбыл облысы, Байзақ ауданында. Былтыр жазда тап осы ауданда оқ-дәрі сақтайтын әскери қоймалардың бірінде жарылыс болды. Өкінішке орай қаза тапқандар да бар. Қазір осы аймақта Бақыт Қазанбасов мырза басқарады.  

Қазанбасов мырзаның былтыр әлеуметтік желіні шулатқаны да бар еді. Нақтырақ айтсақ, қатаң карантиндік шектеулерге және мейрамханалардың жабық екеніне қарамастан, тойханалардың бірінде 60 жылдық мерейтойын атап өткен еді. Неге? Бұл сұрақты әкімнің өзіне қоймақпыз. Әрі халықпен кездесіп, тілдеспекпіз. 

«Әкім» бағдарламасының өзге шығарылымдарын мына сілтеме арқылы кіріп көре аласыздар.