Саяси дода: әкімді халық таңдайды | Анығында

2020 жылы 1 облыс, 4 облыс әкімінің орынбасары, 10 аудан және қала әкімі жемқорлыққа қатысы бар деген күдікпен сотталыпты. Бұл Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің дерегі. 

Бір қызығы темір торға қамалған әкімсымақтардың бәрі біреу-міреудің ұсынысы бойынша тағайындалған. Байқасақ аға-көкесін жағалап жүріп жылы кабинет пен жайлы креслоға жайғасқан әкімдер жемқорлыққа бір табан жақын тұрады екен. Әрине бәрі бірдей емес, тек қызметіне енжарлық танытқандар ғана. 

Қысқасы біздің қоғам осындайлардан арылғысы келеді. Сол үшін әкімдерді халық сайлады және сайлайды. «Анығында» бағдарламасының бүгінгі шығарылымында сайлауды сөз етеміз.

«Анығында» бағдарламасының өзге шығарылымдарын мына сілтеме арқылы кіріп көре аласыздар.