«Атамұра» корпорациясы халықаралық кітап көрме-жәрмеңкесіне қатысуда | Ақпарат шебінде
«Eurasian Book Fair 2022» - бұл еуразиялық халықаралық кітап көрме-жәрмеңкесі еліміздегі іскерлік және гуманитарлық әріптестікті дамыту және нығайту мақсатында өтіп жатыр. Онда ТМД, Еуропа және Азия елдерінің баспа, кітап саудасы ұйымдары және мәдинет пен білім беру орталықтары қатысады. Еліміздің баспа және полиграфия саласында 30 жыл бойы табысты қызмет етіп келе жатқан «Атамұра» баспасы жаңа кітаптарының тұсауын кесті. Көрменің алғашқы күнінде «Балалар поэзиясының антологиясы», «Балалар әңгімелерінің антологиясы» атты кітаптарын, ал екінші күні Зейнеп Ахметованың «Жетілік ұғым», Несіпбек Айтұлының «Балаларға балдай жыр» және де Серік Қалиевтің «Жасынның оты» деген кітаптарымен таныстырды.