Әйел соры | Анығында

Елде әйелдерге күш қолдану дерегі тыйылмай тұр. Жұдырық ала жүгіретін қатігездер талай жанның өмірін қиды. Әлсіздерге қорған болып, нәзік жандыларды қорлаған қаныпезерлерді жазалауда заң қауқарсыз. Салдарынан әйел өлімі жиілеп кетті. Кеше ғана 4 бала анасын жоқтап, жетім қалды. Мамандар заң үстемдігін күшейтпесек, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу мүмкін еместігін айтады.

Мәселен, қиын жағдайға тап болған отбасыларға көмек көрсететін бірден бір мекеме – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі. Алайда қолданыстағы құжатта  министрліктің міндеттері мүлде қамтылмаған. Түйіні тарқатылмаған түйткілдің жай-жапсары "Анығында" айдарында.