Адам мен смартфонның күрделі симбиозы | Керек дерек

Смартфонсыз қалудан қорқатын, телефоны өшіп қалса немесе желіден тыс қалса, мазасызданатын адамдарды номофобтар деп атайды. Психологтердің пікірінше, гаджет маниясы кейінгі онжылдықтағы ең көп тараған аурулардың бірі. Дүниежүзі бойынша смартфон қолданушыларының 80% дерлік осындай диагноз қоюға болады.

Шынында да таңымыз неден басталады? Әрине пиксельдік экранды тексеруден. Адамдардың 80% оянғаннан кейін алғашқы 15 минутта гаджетін қолына алады. Біз телефонға телміруге, орташа есеппен, күніне үш сағаттан астам уақыт жұмсаймыз. Бұл көрсеткіш бір аптада бір тәулікке жуықтайды. Ал бір жылдағы «онлайн өмірге деген тәуелділік» бір жарым айға тең.

«Керек дерек» бағдарламасының бүгінгі шығарылымында адам мен смартфонның күрделі симбиозы тақырыбын қаузаймыз. Сондай-ақ мобильді құрылғыңыз қанша тұрады деген сұраққа жауап іздейміз.

«Керек дерек» бағдарламасының өзге шығарылымдарын мына сілтеме арқылы кіріп көре аласыздар.