Вейптерге тыйым салыну керек пе? | Пікірталас

Қай «Парламент» күшті? Сіз сеніп жүрген бе, әлде шегіп жүрген бе? Бұл сұрақтың жауабын мына бір ақпараттан іздеп көруге болатын шығар? Қазақстан тұрғындары ең көп темекі шегетін елдердің қатарына кіреді екен. Және адамдардың көбі темекі күйзелісті, ашуды қайтарады деп сенетін көрінеді. Кімнің неден күйзеліп жүргенін қайдам, Ал бізді дәл қазір күйзелтіп жүрген күрделі мәселе - «доп қуалайтын» жастағы жасөспірімдердің доп емес, басқа нәрсені қуалап жүргені. Оның аты - «вейп». Түтіні будақтаған никотинді тауарды бастауыш сынып балаларының өзі шегіп жүр деген соң болды емес пе?! «Оның сатылымына шектеу қою керек» деген  бастаманы депутаттар маусым айында көтерген. Қарсы тарап та жоқ емес. Және олардың нақты дәлелдері де бар. Бүгінгі пікірталастырар тақырыбымыз осы.