Балет абызының меретойына тарту
Биыл әлемдік балет өнерінің абызы - Ролан Петидің туғанына 100 жыл.
Әйгілі хореографтың "Копелия" спектаклін "Астана опера" әртістері сахналамақ. Өнер труппасы екі апта бойы қызу дайындық жүргізді. Жаһандық балет жауһарын қою асқан жауапкершілікті талап етеді, дейді ұжым. Сондықтан жас әртістермен тәжірибе бөлісуге Италиядан танымал балетмейстер Лу-иджи Ба-нино арнайы келді. Ол маэстроның көзі тірісінде жанында жүріп, көмекшісі болған. Ырғақ пен әзілден тұратын бірегей қойылымды қазақстандық көрерменге 40-тан астам жергілікті әртіс тарту етеді. Қайта жаңғырған "Копе-лияның" шымылдығы 18 қаңтар күні Астана опера сахнасында түріледі.
Шұғыла Әдепхан, "Астана Опера" театрының солисі:
- Копелия балеті комедия балеті деп саналанады, бірақ драма да бар. Бұл балет біздің театрда 2019 жылы қойылған еді. Қазіргі қойылып жатқан қойылым премьерадан сәл өзгелеу болып келеді. Себебі премьер кезіндегі көрінбей қалған бір нюанстарды қазір жетілдіріп жатыр, және де хореграяиының ішінде өзгерістер болған еді соның бәрін қазір ассистент бізге көрсетіп үйретіп жатыр.
Базардағы кітапхана
Ал Түркістандағы базарлардың бірінде кітапхана ашылды. "Фараб" деп аталатын руханият ордасында көркем әдебиеттің 3 мыңға жуығы бар. Классика ғана емес, қазіргі заман қаламгерлерінің еңбектерін де табуға болады. Басты мақсат, халықты мейлінше кітап оқуға шақыру және соған жағдай жасау. Қазіргі таңда сауда аймағында мыңнан аса кәсіпкер жұмыс істейді. Мұнда күніне шамамен 20 мыңнан аса адам келеді. Жобаның адам аяғы арылмайтын орында сәтті жүзеге асарына сенім мол, дейді ұйымдастырушылар. Жылжымалы кітапхана сенбі мен жексенбіде таңғы тоғыздан кешкі 6-ға дейін оқырман қабылдайды.
Жанат Шардарбекова, облыстық "Фараб" әмбебап-ғылыми кітапханасының директоры:
- Жеке кәсіпкердің қолдауымен, облыс әкімдігінің бастамасымен "Қуаныш" базарында "Фараб" кітапханасының жылжымалы пункті ашылды. Қызығушылық өте жоғары. Осы ғимараттың тұрғызылғанына бір-екі ай болды. Халық көп келді сұрап, қашан ашыласыздар деп. Бүгін де таңертеңнен бері 20-30 адам кіріп шықты. Сондықтан бұл жобаның өміршеңдігі соның дәлеліл сияқты.
Бағила Молдабаева, кәсіпкер:
- Өте керемет кітапхана ашылып жатыр. Біз бос уақытымызда, саудамыз жақсы болып, бір демалаты кезімізде сол кезде осы кітапхана келіп, өзіміздің сауатымызды ашуға өте ризамын мен.
Таңбалы – тарихтан сыр шертеді
Қола дәуірінен сыр шертетін «Таңбалы» петро-глифтері алматылық студенттерге таныстырылды. Орал Таңсықбаев атындағы өнер колледжінің шәкірттеріне тасқа қашалған суреттердің тарихы баяндалды. Алматы облысы, Жамбыл ауданындағы 3800 гектарға созылған ашық аспан астындағы кешенде 5 мыңнан астам жартас суреттері сақталған. Көрмеге Таңбалыдағы танымал бейнелердің суреттері қойылған. Қызметкерлер өнер колледжінің студенттеріне бірнеше мың жыл бұрын салынған суреттердің тарихын, мағынасын түсіндірді. Тастағы көріністер сол заманда өмір сүрген адамдардың тұрмысы мен әдет-ғұрыптарынан ақпарат береді. Көрме 19 қаңтарға дейін ашық болады.
Қуаныш Нұрмақсұтов, "Таңбалы" мемлекеттік тарихи-мәдени және табиғи музей-қорығының бөлім басшысы:
- Суреттердің негізгісі қола дәуіріне жататын. Және Таңбалының тарихи маңыздылығын айшықтайтын негізгі суреттерді алып келіп қойдық. Атап айтатын болсақ, күн басты бейнелері, қола дәуірінде қасиетті мал болып саналған мүйізді жануарлар: бұғы, бұқа бейнелері деген сияқты суреттерді қойдық.
Винтажды ыдыстар көрмесі
Түркістандағы "Ұлы дала орталығында" винтажды ыдыстар көрмесі өтіп жатыр. Коллекциядағы бұйымдар негізінен фарфор мен хрусталдан жасалған. Көрме өндіріс тақырыбын қаузаса да, бұлардың барлығы шеберлердің қолынан шыққан. Басты мақсат, винтажды фарфор ыдыстардың терең тарихымен таныстыра отырып, шай ішу үлкен мәдениет екенін көрсету. Тіпті ас құралдарының кейбірі әлі күнге көпшілігіміздің үйімізде сақтаулы тұруы мүмкін, дейді ұйымдастырушылар. Бұл ерекше көрмені қала тұрғындары мен қонақтары ай соңына дейін тамашалай алады.