Астанадағы Қазақконцерт сахнасында «Алдар көсе» мюзиклі қойылды

Ортамызға қайта оралған ертегі кейіпкері заман ағынымына сай жаңғырған.

Тіпті қойылымдағы әзілдер мен әуендер қазіргі балалардың түсінік-танымына сәйкес келеді. Десе де көне аңыздың мазмұнын бұзбауға тырыстық, дейді өнерпаздар. Ол - жақсылықтың зұлымдықтан үнемі үстем болатын жеткізу. Балаларға тамаша тартуды «Астана мюзикл» ұжымының 40-қа жуық әртісі әзірледі. Сондай-ақ Гүлдер ансамблінің мың бұралған бишілері де өнер көрсетті. Қойылымды қызықтап келген үлкен-кішінің қарасы қалың. Ал мүмкіндігі шектеулі балалар мен олардың ата-аналарына 100 билет тегін таратылды.

Медет Рахымберген, Astana Musical театрының әртісі:

- Кейіпкер өздеріңіз көріп тұрғандай аңқылдақ, сіздердің оның сыртына қарамаңыздар, ең бастысы жүрегі ақ, аузын ашса жүрегі көрініп тұратын деген мақал негізінен Алдарға қарап шығарылған. Көріп тұрсыздар, менің образымда аяқ киімді көрсетуге бола ма, болмай ба білмеймін. Барлығы заманауи иә.

Есләм Нұртазин, қоюшы режиссер:

- Бүгінгі күнге сай, бүгінгі проблематиканы көтеретіндей жаңадан жазылды, біздік өзіміздің авторлар. Өзіміздің кейіпкерлерімізді дәріптеуіміз керек.  Менің өзімнің екі балам бар. Солар осы спектальді көргеннен кейін Жаяу Мұсаның әнін жаттап алған. кейіпкерлердің аттарын, Алдар көсе кім екенін барлығын түсіне бастады.

Солтүстік Қазақстан симфониялық оркестрінің өнерпаздары Үндістан жұртшылығын өз өнерімен тәнтті етті. Өнер ұжымы 33-ші Халықаралық Лакшминараяна фестиваліне қатысты. Отандық өнерпаздар шетелдіктерді алдымен дәстүрлі музыкамен таныстырды. Қазақ әуендерінен кейін басқа да әлемге танымал әндерді шырқап, сахнаның сәнін келтірді.

Өнерпаздар Үндістанда өнер көрсетті

Жергілікті өнерпаздар Үндістанның төрт қаласында өнер көрсетті. Яғни, алдымен Дели, кейін Бангалора, Майсура және Мумбай қалаларында шығармашылық кештер өткізді.

Артём Кислощей, эстрадалық симфониялық оркестрдің инспекторы:

- Біздің оркестр үлкен тәжірбие жинақтады. Алдағы уақытта да осы байланысты үзбей, керісінше нығайтқымыз келеді. Үндістан өте қонақжай мемлекет екен. Біз оларға өзіміздің дәстүрлі музыкамыз бен аспаптарымызды таныстырып, көрсеттік.

Фестиваль барысында Үндістанның әйгілі композиторы Лакшминараяна оркестр мүшесі Асхат Галеевті бірлесе өнер көрсетуге шақырды. Олар қос елдің ұлттық аспабында түрлі әуендер ойнап, көрермен қошеметіне бөлінген.

Асхат Галеев, облыстық филармонияның әртісі:

- Бұл нөмерде импровизация көп болды. Ол кісі скрипкамен өздерінің әуендерін орындаса, мен сол кісіге қазақтың нақышында домбыраның үнімен жауап беріп отырдым. Нөмер өте жақсы шықты деп ойлаймыз.

Облыстық симфониялық оркестрмен бірге фестивальге елордалық камералық хор да қатысты. Жалпы музыкалық шарада 80-ге жуық отандық өнерпаз өнер көрсетті.

Авторлары: Абзал Балтабаев , Наталья Волкова, Қуаныш Қазбеков

Ауылда мәдениет үйі ашылды

Түркістан облысының Жаушықұм ауылында су жаңа мәдениет үйі ашылды. Тұрғындар көптен күткен өнер ошағы «Ауыл-ел бесігі» бағдарламасы аясында салынды. Оның жалпы құны 443 млн теңге. Жаңа нысанның ашылуы ауыл тұрғындары үшін зор қуаныш. Алдағы уақытта мәдениет үйінің материалдық техникалық базасы нығая түспек. Сондай-ақ мұнда жас ұрпақты өнерге баулу мақсатында домбыра, би, сурет үйірмесі жұмыс істейді.

Қазақтың ұлттық киімдері насихатталды

Ыстамбұлда қазақтың ұлттық және заманауи үлгідегі киімдері көрсетілді. Осымен 30-шы рет өткен халықаралық сән апталығы бұл жолы, «отбасыда бейбітшілік- әлемде бейбітшілік» ұранымен ұйымдастырылды. Оған Түркия, Қазақстан мен Қырғызстанның алдыңғы қатарлы дизайнерлері қатысты. Қайырымдылық мақсатта өткен шарадан түскен барлық қаражат мұқтаж отбасыларға үйлестірлмек. Келушілерге әсіресе ұлттық нақышпен көмкерілген заманауи киімдер мен балаларға арналған топтамалар қатты ұнады. Шараға қатысушылар қазақ дизайнерлерінің туындылары әлемдік брендтерден кем емес дейді.

Айдана Омарова, дизайнер:

- Біз тарихы өте бай елміз. Біз онымен мақтан тұта аламыз. Және оны киімдер арқылы көрсету инструменттің бір түрі деп айтуға болады. Біз ұлттық нақыштағы киімдеріміз барлық елдерде өте әдемі экзотикалық киім болып табылған соң, біздің ою- өрнегіміз ерекше болғандықтан біздің киімдеріміз үлкен сұраныс бар.