Бағдарлама қонақтары - Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті қорының сарапшысы Әлкей Марғұлан мен Халықаралық саясат және экономика институтының сарапшысы Жұмабек Сарабеков. Былтыр жаздан бері АҚШ пен Қытай арасында сауда соғысы өршіп, екі тарап түрлі шектеулермен алмасып, текетірес әлі жалғасып жатыр. Биыл тамыздың басында АҚШ президенті Дональд Трамп Қытай тауарларына салынатын салымдар қыркүйектен бастап 10%-ке өсетінін мәлімдеді. Бұдан кейін Қытай шара қолданып, юанның долларға қатысты бағамын төмендетті. Осыдан кейін екі ел арасындағы сауда кикілжіңі әлемдік нарыққа бірден әсер етті. Мұнайдың бағасы төмендей бастады. Бұл сауда соғысы әрі қарай өрши түссе, не болмақ? Орталық Азия, ТМД елдеріне қалай әсер етпек? Қазақстан мен Ресейге қаншалықты зияны тимек? Осы және басқа да сұрақтарға жан-жақты жауап алу үшін студиямызға Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті қорының сарапшысы Әлкей Марғұлан мен Халықаралық саясат және экономика институтының сарапшысы Жұмабек Сарабековты шақырып отырмыз.