Жол сапасы сын көтере ме? Жамбыл облысындағы жолдың жағдайы
Сапалы салынған жол неге уақыт өте тозады? Оның жағдайына ауа райы мен көлік қозғалысы қалай әсер етеді? Бұл шығарылымда Жамбыл облысындағы KAZ06 халықаралық дәлізіне барып, жол жабындысының тозу себептерін зерттеп, ауыр жүк көліктеріне қойылатын талаптар мен жолды қорғау шараларын назарларыңызға ұсынамыз.
JOL LIVE – «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясының қатысуымен дайындалған жоба. Жолдың жай-күйі, атқарылып жатқан жұмыстар және саладағы заманауи шешімдер туралы бірге баяндаймыз.