Ақтөбе облысында 262 шақырым жол жаңарады. Жоба өңірге не береді?  

Ақтөбе облысындағы «Ақтөбе – Қарабұтақ – Ұлғайсын» республикалық автожолы толық қайта жаңғыртылмақ. Жоба аясында жол төрт жолаққа дейін кеңейтіліп, халықаралық талаптарға сай жаңартылады. Бұл шығарылымда құрылыс алаңына барып, жобаның ерекшелігін, қолданылатын инженерлік шешімдерді және жол сапасын бақылайтын Ұлттық сапа орталығының жұмысын көрсетеміз.

Jol Live – «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясының қатысуымен дайындалған жоба. Әр шығарылымда жол құрылысы, инженерлік шешімдер және сала мамандарының еңбегі көрініс табады.

Сондай-ақ оқыңыз: