Шекарадағы жаңғыру: БҚО-дағы өткізу бекеттері жаңартылады
Батыс Қазақстан облысындағы «Сырым» және «Ақсай» автомобиль өткізу пункттерінде реконструкция жұмыстары жүріп жатыр. Жобалар аясында инфрақұрылым жаңартылып, өткізу қабілетін арттыру көзделген. Жаңғырту жұмыстары шекарадан өту үдерісіне қандай өзгеріс әкеледі? «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясының қатысуымен дайындалған жобаның кезекті шығарылымында екі өткізу бекетіндегі құрылыс барысы мен жоспарланған жаңашылдықтарды баяндаймыз.