Қаржы. Шағын және орта бизнесті қолдауға - 20 миллиард теңге

«Президенттің бес әлеуметтік бастамасында» шағын несие беруді көбейту туралы нұсқау берілді. Қазынадан қосымша бөлінетін қаражаттың 14 миллиард теңгесі ауылдарға, қалған 6 миллиарды қалалық жерлерде бизнеспен айналысатын тұрғындарға үлестірілмек. Қарыз ақшаның пайыздық мөлшерлемесі - 6%. Несие қала тұрғындар үшін 5 жыл, ал ауылдықтарға 7 жылға дейін берілмек.