Қор нарығындағы жағдай: Мемлекеттік бағалы қағаздар және акциялар
Қазақстандықтар ақшасын депозитте сақтауға өте белсенді екенін айттық. Банк салымдарының рекордтық көрсеткішке жеткенін еске салып өтейін. Дегенмен ақшаны көбейтудің жалғыз жолы – депозит емес. Қаражатты инвестициялаудың тағы бір мүмкіндігі – қор нарығы. Қарапайым тілмен айтсам, бұл да бір сауда алаңы, тек мұнда киім-кешек пен азық-түлік емес, бағалы қағаздар сатылады.