Қазақстанда бұл қалай жасалған? Сазсырнай аспабы
Саз балшықтан жасалған шағын аспап сазсырнайдан кез келген дыбыс шығаруға болады. Пішіні жұмыртқа тәріздес болып келетін бұл аспаптың 6 саңлауы бар. Сол саңылауларды қолмен кезек-кезек басқан уақытта әсем әуен бойыңызды билеп әкетеді. Бүгінгі бағдарламада аталмыш аспаптың қалай жасалатындығын және шығу тарихына кеңірек тоқталамыз.