Қазақстанда бұл қалай жасалған? Сүт өнімін әзірлеу
Сүт кез келген адамның күнделікті ас мәзірінен табылады. Бірақ ол біздің қолымызға бірден тимейді. Мысалы, сауылған сүтті алғашқы 2 сағат ішінде ішуге болады. Ал қораптағы сүттердің жарамдылық мерзімі 2 аптаға дейін барады. Сонда қораптағы сүтті дайындаудың қандай құпиялары бар? Тауар дүкен сөрелеріне түспес бұрын, қандай технологиялармен өңделеді? Бүгінгі бағдарламада кеңірек айтамыз.