Қазақстанда бұл қалай жасалған? Қоқысқа арналған қаптар

Сіз қоқыс қаптарының екі түрлі түсте дайындалатынын білесіз бе? Қара қаптарға қайта өңделуге жатпайтын, ал көк түстісіне өңдеп қайта қолдануға болатын қоқыс салынады. Жұқа қабықшалардан дайындалатын қаптар Қазақстанның солтүстігінде өндіріледі. Ол балқытылған түйіршіктерден үрленіп жасалады.