Қазақстанда бұл қалай жасалған? Еденге, қабырғаға төселетін тас кілем

Табиғи тастан жасалатын панно. Еденге, қабырғаға төселетін тас кілем әдетте шеңбер түрінде, түрлі геометриялық фигуралармен, ою-өрнектермен безендіріледі. Құрамы мәрмәр, гранит тастарынан. Кез келген үйдің сәнін ашып, көркін еселей түсетін мұндай өнер туындысының қалай жасалатындығын бүгінгі бағдарламада айтамыз.