Қазақстанда бұл қалай жасалған? Қоржын

Қоржын ежелден келе жатқан қазақтың кәдесыйы. Ол - түрлі қуаныштарға байланысты қос қалтасы сыйға толтырылып апарылады. Бесік тойдан басталып, үйлену тойына дейін апаруға болатын қоржынның бүгінде сан алуан түрі бар. Ал олардың қалай жасалатынын бүгінгі бағдарламада айтамыз.