Қазыналы мекен. Минералды суға бай өлке

master-gid.com

Бұл жерде 1949 жылы геологиялық іздеу-барлау жұмыстарын жүргізген геологтар тіршілік нәрінің көзін тапты.

Суды зерттеу барысында, оның құрамында минералдың көп екенін анықтады. Бүгінде бұл өңір елімізді ғана емес, шетелді де минералды сумен қамтамасыз етіп отыр. «Қазыналы мекен» бағдарламасының түсірілім тобы Оңтүстік Қазақстан облысының минералды су қорына бай Сарыағаш мекенінде.