Қазыналы мекен. Геологиялық барлаудағы жаңа технология
Бүгінгі таңда еліміздегі геологиялық іздеу-барлау жұмыстарын шағын компаниялар жүргізіп келеді. Солардың бірі Қарағандыда орналасқан «Центргеолсъемка» ЖШС.
20 жылдық жұмыс тәжірибесінде бұл мекеме Қазақстанның геологиялық саласына зор үлес қосты. Жаңа кен орындарын ашып, көптеген кеніштердің барланған қорларын қайта есептеп шықты. Заманауи озық технологиямен жабдықталған мұндағы қондырғылар 1800 метр тереңдіктегі жер қойнауын тексере алады.
2015 жылы бұл мекеме өзінің мүмкіндігін айтарлықтай арттырды. Жаңа геологиялық бақылау зертханасы өз жұмысын толықтай бастады. Соңғы үлгідегі Niton аппаратымен жабдықталған зертхана шығынды азайтып, уақытты үнемдейді. Мамандар қолма-қол зертханалық нәтижелер мен химиялық элементтің 38 түрін шығаруға мүмкіндік алып отыр.
Бүгінге дейін 150 кен орнының қорын қайта есептеп шыққан 300-ден астам қызметкері бар компанияның биылғы жылға жасаған жоспары да айтарлықтай. Толығырақ бағдарламадан көре аласыздар.