Қазыналы мекен. «Ембімұнайгаз» АҚ: өндірісті трансформациялау

Мұнай бағасының түсіуіне байланысты көптеген компаниялар шығындарын азайтып, дағдарыстан шығудың амалдарын жасап жатыр.

«Ембімұнайгаз» АҚ өндірісті трансформациялауды қолға алды. Бұл қадам нақты нәтижелер береді деп жоспарланып отыр.

Бүгінгі күні «Ембімұнайгаз» АҚ ұйымдастыру іс-шараларын жүргізіп, жоспарларды жүйелеп, бірқатар жобалар бойынша жұмысқа кірісті. Мұнда өндірісті дамытудың негізгі 3 бағыты айқындалды. Біріншісі материалдық-техникалық қамтамасыз ету үдерісін оңтайландыру, екіншісі мұнай кәсіпшілігі жабдықтарын жөндеу және техникалық қызмет көрсетуді қамтамасыз ету үдерістерін оңтайландыру, үшіншісі интеллектуалды кен орындарын енгізу.

Жаңа технология еңбекке қолайлы жағдай туғыза алады ма? Қауіпсіздік шаралары қаншалықты қадағаланады? Интеллектуалды кен орыны дегеніміз не? Отандық IT мамандар оны өзгертіп, тиімділігін қалай арттырды?