Қазыналы мекен. Қаламқас кен орны
Бозащы түбегіндегі Қаламқас батырдың есімімен аталатын кен орнының құрылымы 1974 жылы белгілі болды.
Іздеу және барлау жұмыстары 1976 жылы басталып, сол жылы кен орны ашылды. Қазіргі таңда «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ-ның жалпы мұнайының 70 пайызын өндіреді.
Қаламқас мұнай-газ кен орны 1980 жылдың 2 қарашасында алғашқы млн тонна мұнайын өндірсе, 25 жыл өткен соң 100 млн тонна қара алтынын өндіруге қол жеткізді.
Кен орнының бүгінгі тынысы мен мұнай өндірудегі озық технологиялары жайлы бүгінгі бағдарламадан көре аласыздар.