Қазыналы мекен. Мұнайлы өңірдегі озық технология

Жалпы мұнайды сумен ығыстырып шығару тәсілі өткен ғасырдың ортасынан бастап қолданылып келеді.

Алайда судың және мұнайдың жылжу қасиеттері сай келмегендіктен өнім беру азайды. Сондықтан бүгінде суға полимер қосу қолға алынған.

2015 жылдың наурыз айында Қаламқас кен орнында Қытай технологиясы бойынша полимер жүктеу жұмысы жүргізіліп келеді. Өндірістік-тәжірибелік сынақтар басталған кезден күні бүгінге дейін мұнда 1 ұңғыманың орташа тәуліктік өнімділігі 5,57 тонна болды. Бұл әдіс қалай жұмыс істейді?

Ал 2014 жылы іске қосылған газ-турбиналық электр станциясы бүгінде Қаламқас кен орнының шикізаттарын пайдалану арқылы өзін-өзі электр энергиямен толық қамтамасыз етуге мүмкіндік берді. Мұндай қондырғылармен жабдықталған станция Қазақстанда жалғыз.

«Қазыналы мекен» бағдарламасының түсірілім тобы сіздерді мұнайлы өлке Маңғыстаудағы өндірістік нысандармен таныстыруын жалғастырады.